ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Балалар бөлімшесі

«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС балалар бөлімшесі.

Медициналық орталықтың балалар бөлімшесі 2003 жылдың қараша айынан бері жұмыс істеп келеді және Жезқазған, Сәтбаев, сондай-ақ басқа да қалалар мен аймақтардың балаларына қызмет көрсетеді. 
            Құрылымы бойынша бұл 30 орынды көп салалы бөлімше. Біздің бөлімше жедел және жоспарлы түрде медициналық қызмет көрсетуде заманауи дәрілік заттармен жеткілікті түрде қамтамасыздандырылған. Тар көлемді мамандары – лор дәрігері, невролог, неонатолог, көз дәрігері және хирургтен уақытылы кеңес алуға болады.   Бала дәрігерлері  (педиатр) біздің клиниканың барлық бөлімшелерінің мамандарымен өзара әрекет етеді.  
            Балалар бөлімшесінде бронх қабынуы, өкпе қабынуы, бронх демікпесі секілді тыныс алу мүшелерінің ауруларына емдеу мен диагностика жүргізіледі. Зерттеудің заманауи әдістері кең қолданылады:  рентгендиагностика (рентгенография, томография, КТ); вентиляциялық қызметті зерттеу  (спирография); пульсоксиметрия, бактериоскопиялық қақырық, зең флорасының жағындысын алып, зерттеу, сондай-ақ, басқа да құралды зерттеулер: фиброгастродуоденоскопия, құрсақ қуысы мүшелеріне УДС, ЭхоКГ, ЭКГ, бронхоскопия, ЭЭГ және ЭхоЭГ, ирригоскопия.  Заманауи әдістерден кең таралағаны – обструктивті белгілерін тоқтату үшін брох кеңейтуші құралдары бар небулайзерлі терапия болып табылады. 
            Атопиялық тері қабынуын (дерматит) емдеуде жоғары тиімділігі бар жиі ұсынылатын әдіс –  «ҚР балалардағы атопиялық тері қабынуы» ғылыми-тәжірибелік бағдарламасын қолданамыз. Нерв жүйесі, ас қортыту жүйесі мүшелерінің дертті процестері, зәр шығару жүйесі, қан аурулары (геморрагиялық қан тамырының қабынуы(васкулит), тромбоцитопатия, тапшылықты анемия), сондай-ақ, эндокринді ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу мен күтуде тәжірибелік дағдылар бар.
            Қойылған диагноз бен ауруға қарамастан, балаларға жоғары білікті көмек көрсетіледі. Балалар бөлімшесінің мамандары үлкен жұмыс тәжірибесі мен қажетті білікті білімге ие. Науқас баланы дұрыс күтуді үйретіп, ауруды емдеу мен оны алдын алуға кеңестер бере алады.

Ауруларды емдеуде әртүрлі физио емдеу шаралары айтарлықтай маңызды рөл атқарады.    Балаларға квант терапиясы, уқалау, ДЭНС-терапиясы, биоптрон-терапиясы,  балауыз бастырмасы, ультрадыбыстық емдеу шаралары, жеке тыныс гимнастикасы, емдік гимнастикасы, сондай-ақ, фототерапиясы жүргізіледі.  

Пациенттердің жатып емделу сапасын жақсартуда – балалардың бос уақытында сабақтар мен таңертеңгіліктер жүргізетін тәрбиеші штаттық кестеде қарастырылған.
Балалар алғашқы бөлімнің (АМӘК) жолдамасы бойынша «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-де, сондай-ақ, ақылы түрде балалар бөлімшесінің аға ординаторы К.М.Мергенбаеваның жолдамасы бойынша жатқызылады.  

Балалар бөлімшесіне жатқызудағы қарсы көрсетілімдер – асқынған жұқпалы аурулар (асқынған ішек инфекциясы, жұқпалы іш ауруы (дизентерия),  қылау (сальмонеллез), қызамық (краснуха), қызылша, жәншау (скарлатина), шешек, құлақ түбі бездерінің шошынуы (паротит), Боткин ауруы, асқынған психикалық аурулар, тері жұқпалы аурулары).  
Бөлімшеде емделу сұрақтары бойынша сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін бөлімше меңгерушісі Сауле Сарсеновна Мулдашеваға жүгіне аласыздар. 

Жезқазған аймағының құрметті ата-аналары, қала қонақтары!  Егер де Сіздің балаңыз аурып қалса, біз Сізге біздің бөлімшеде алғашқы медициналық және кеңестік көмек көрсетіп, толық ұсыныстар бере аламыз.
   
Біздің бөлімше «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС –ң (оң жағында) 6 қабатында орналасқан.
  
Балалар бөлімшесі дәрігерлерінің кеңестері:
Бөлімше меңгерушісі – С.С.Мулдашева – дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін (ақпараттық бюроға алдын ала жазылу арқылы: тел 74-43-68)  
Балалар бөлімшесінің аға ординаторы – К.М.Мергенбаева – бейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін (телефон арқылы жазылу: 74-43-68 немесе 74-43-49) 

Анықтама телефондары: 74-43-55 (балалар бөлімшесі)
                                         74-43-68 (анықтама бюросы)

Бейнеролик

8 фото
16
15
12
14
11
13
10
1
16
15
12
14
11
13
10
1

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA